31-Тақырып: Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесі өте маңызды - газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасында оттектің еніп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар. Тыныс алудың негізгі мүшесі - өкпе. Өкпеде газ алмасу жүреді.


Made on
Tilda