Зат алмасу процесі кезінде жасушаларда ақырғы өнім түзіледі. Соның ішінде шоғырлануына байланысты жасушалар үшін зиянды, организмнен шығарылуға тиісті улы заттар болуы мүм- кін. Жұтылған ауамен бірге түскен артық сулар, улы заттар, ас және су құрамындағы артық дәрумендер, емдік және баска да заттар шығарылуы тиіс. Осы заттардың адам организмінде артық мөлшерде шоғырлануы денсаулықтың бұзылуына әкелуі мүмкін. Бөліп шығару мүшелері және олардың функциялары. Бөліп шығару қызметін көптеген мүшелер атқарады .
Адамда, сүтқоректілерде, құстарда, жорғалаушыларда, қосме кенділерде, балыктарда, ұлуларда зәр шығарудын негізгі рөлі арнайы мүшелер бүйректерге тиесілі .