Бұл заттардың физиологиялық рөлі болмағанмен, оларды мүлдем керексіз деуге болмайды. Көбінің айтарлықтай биологиялық маңызы бар. Мысалы, эфир майлары өсімдіктерді, жануарларды еліктіретін немесе үркітетін иістермен қамтамасыз етеді, шайырды жарақаттарға жағу үшін, сонымен қатар организмді бұзылудан қорғау (әсіресе шайырға бай қылқанжапыракты өсімдіктерде) үшін пайдаланады .