§35. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйелерінің құрылысы
Бөлінді шығару жүйесі организмнен тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген сұйық зиянды қалдықтарды шығарады. Шығарылатын өнімдерге тер, өт сөлі (бауыр) немесе бүйректе түзілетін зәр жатады.
Омыртқасыздар

  • Қарапайымдарда зәр шығару қызметін жиырылғыш вакуоль атқарады. Жалпақ кұрттар мен кейбір омыртқасыздарда зәр шығару қызметін зәр шығару түтікшелері атқарады. Ол жұлдызшалы жасуша мен өзара байланысқан өзектерден тұрады.

  • Буылтық құрттардың зәр шығару жүйесі басқаша типті түтіктер жүйесінен тұрады.
Омыртқалылар

  • Омыртқалылардын зәр шығару мүшесі - бүйрек. Балықтардың бүйрегі ұзын таспа тәрізді, ол дене куысының арка жағында, кабырға мен торсылдақ арасында орналасқан. Амфибияларда бұл балыктарға қарағанда шағын. Жыландардың бүйреri ұзынынан жақсы созылған және бөліктерге бөлінген. Құстарда жамбас сүйектерінің ойысына тығыз жинақталған.

  • Сүткоректілерде олардың пішіні бұршақ тәрізді немесе сопақша. Сүткоректілердің бүйрегі жұмыс істеуі үшін жоғары қан қысымы кажет және оны тек артерия қамтамасыз етеді .
Made on
Tilda