§40. Жүйке жүйесі және оның құрылымдық құрамбөліктерінің атқаратын қызметі
Қоршаған орта үнемі өзгеріп тұратындықтан, тіршілік әрекетінің үйлесуі мен реттелуінсіз организмнің тіршілік етуі мүмкін емес екені бұрыннан белгілі. Бұл процесте басты рөл жүйке жүйесіне тиесілі. Адамда жүйке жүйесі әлеуметтік-психикалық іс-әрекетінің материалдық негізін ойлау және сөйлеу, мінез- құлқының күрделі формаларын кұрайды.


Жүйке жүйесінің қызметі
Бүкіл организмнің өзара үйлесімді жұмысын реттейді
Организмнің қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді
Адамның сөйлеуі, ойлауы жүйке жүйесімен тығыз байланысты
Жүйке жүйесінің маңызы
  • Жүйке жүйесінің іс-әрекеті жүйке ұлпаларының қасиеттеріне - қозғалғыштық пен өткізгіштікке негізделген
  • Организмнің сыртқы ортадан келетін кез-келген тітіркенулерге жауап реакциясы орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асырылады
  • Адамды жануарлардан айыратын сана, ес, ойлау, сөйлеу, еңбек ету процестері
Дәптерге жазып, жаттап алыңыз
Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары - нейрондар мен нейроглиялар құрайды
Жүйке жасушалары ақпаратты қабылдау, беру және сақтау қызметін атқарады.
Жүйке жасушалары денеден, өсінділерден және жүйке ұштарынан тұрады. Нейронның ұзын өсінділері аксон, ал қысқа өсінділері дендрит деп аталады.
Термин сөздер
+ басып, терминдердің анықтамасымен танысыңыз
Импульстарды орталық жүйке жүйесіне беретін нейрондар сезімтал нейрондар деп аталады. Оларды ОРТАЛЫҚҚА ТЕПКІШ деп атайды.
Импульстарды мүшелерге беріп, тітіркенуге жауап беретін нейрондар қозғалтқыш нейрондар деп аталады. Оларды ОРТАЛЫҚТАН ТЕПКІШ деп атайды.
Т а п с ы р м а л а р
Сәйкестендіріңіз
НЕЙРОН ТУРАЛЫ ХИКАЯ
"Мен – Нейронмын" тақырыбында шағын хикая немесе комикс құрастырыңыз.

📌 Ең креативті жұмыстар сыныпта оқып, талқыланады.
ЖЫЛДАМ ОЙЛА!
  1. Мұғалім "Нейрон", "Аксон", "Дендрит" сөздерінің бірін айтады.
  2. Оқушылар тез арада оның қызметін айтуы керек.
  3. Дұрыс және жылдам жауап берген оқушы ұпай алады.
Бір-бірімен байланысқан,
Ақпаратты таратқан.
Денеде ол – басқарушы,
Кім біледі, қай жасуша?
НЕЙРОН
Басқарады денені,
Бәрін ойлап, көреді.
Денедегі бұйрықты,
Осы жүйе береді.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Алыста да сезеді,
Әр қимылды көздейді.
Ақпаратты қабылдап,
Миға дереу жетеді.
ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
  • Үйге тапсырма
    Тақырыпты оқу, мазмұндау

    Тәжірибе жүргізу:
    Отбасы мүшелерінің көзін жұмғызып, олардың қолына белгісіз затты ұстату. Олар қандай сезімде болғанын сипаттасын.


    Сурет салу:
    – Жүйке жасушасының құрылымын сызып, бөліктерін атау
Made on
Tilda