Мидың кұпия сырлары адамды ерте кезден бастап қызықтырған.
Адам миы ақпараттың үлкен көлемін қабылдап, оны өңдеуге қабілетті күрделі мүше. Мидың пішіні күрделі және ол бас сүйек қуысында орналасқан. Ересек адам миының орташа салмағы 1300-1400 г. Бұл дегеніміз организмнің жалпы салмағының 2%-ы. Жұмыс істеген кезде ми организмде түзілген энергияның 25%-ын жұмсайды.