§42. Үлкен ми сыңарларының құрылысы
Мидың үлкен ми сыңарлары (оң және сол) мидың ең үлкен және эволюциялық тұрғыдан ең жас бөлімі. Адамда үлкен ми сыңарлары өте жақсы жетілген және бас сүйек сауытының ми бөлімінде орналасқан. Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан қыртыстан түзілген

  • Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан - қыртыстан түзілген. Қыртыстардың жалпы ауданы 2200-2500 см², оны 14-тен 18 млрд-қа дейінгі нейрондар денесі кұрайды. Қыртыс астында ақ зат орналасқан, оның қалың қабатында қыртысасты ядролар түзіледі. Үлкен ми сыңарларының беті қыртыс ауданың ұлғайтатын жүлгелер мен пірімдерден түзілген қатпар болып табылады.
  • Ми сыңарларының әрқайсысы ірі жүлгелермен маңдай, төбе, шүйде, самай бөліктеріне бөлінген . Ең терең жүлгелер - маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажырататын орталық жүлге және самай бөлігін шектеп тұратын бүйірлік (самайлық) жүлге. Қыртыстың өткізгіш жолдары ақ заттан түзілген, ол қыртыстын барлық бөлігін өзара және қыртысты орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен байланыстырады.
ҮЛКЕН МИ СЫҢАРЛАРЫ
  • ҚҰРЫЛЫСЫ

    Мидың ең ірі бөлігі болып саналады. Ол оң және сол жақ жарты шардан тұрады, оларды бойлық саңылау бөледі. Екі жарты шарды өзара ми қыртысы (сұр зат) және ішкі қабатындағы ақ зат байланыстырады.

  • ҚЫЗМЕТІ

    Адамның саналы әрекеттерін, ойлау қабілетін, сөйлеуін, есте сақтауын, қиялын, және ерікті қозғалыстарды басқарады. Әр жарты шардың өз қызметіне жауапты аймақтары бар:
    • Маңдай бөлігі — ойлау, шешім қабылдау.
    • Самай бөлігі — есту.
    • Шүйде бөлігі — көру.
    • Төбе бөлігі — сезімталдықты қабылдау.
  • ЕРЕКШЕЛІГІ

    Адамның мінез-құлқы мен күрделі психикалық процестерін реттеумен ерекшеленеді. Ол арқылы сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне жауап береді. Сондай-ақ, оқу мен еңбек дағдыларын меңгеру осы бөліктің жұмысына байланысты.
Мәтін:
"Үлкен ми сыңарларының құрылысы және қызметі"
Адам миы — ағзаның барлық жүйелерін басқаратын күрделі орган. Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен бөлігі болып табылады және ол оң және сол жақ сыңарларға бөлінген. Әр сыңардың белгілі бір қызметтерді атқаратын аймақтары бар.
  1. Ми қыртысы (кора) — үлкен ми сыңарларының сыртқы қабаты. Бұл қабат ақыл-ой, еске сақтау, ойлау, тіл және сезім мүшелерімен байланысты ақпаратты өңдеуге жауап береді.

Ми қыртысының бөліктері:
  • Маңдай бөлімі (лобная доля): шешім қабылдау, сөйлеу және ойлау процесін басқарады.
  • Төбе бөлімі (теменная доля): қозғалыстарды бақылау және сезім мүшелерінен ақпарат алу.
  • Шүйде бөлімі (затылочная доля): көру ақпаратын өңдеу.
  • Самай бөлімі (височная доля): есту, есте сақтау және эмоцияны өңдеу.
Сопақша ми үлкен ми сыңарларын жұлынмен байланыстырады. Ол өмірлік маңызды қызметтерді реттейді, мысалы, тыныс алу және жүрек соғуы.
Үлкен ми сыңарларының өзара байланысы арқасында ағза күрделі әрекеттерді үйлесімді орындай алады.

Тапсырмалар:1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
  1. Үлкен ми сыңарларының қандай негізгі бөліктері бар?
  2. Маңдай бөлімі қандай қызмет атқарады?
  3. Шүйде бөлімінің қызметін сипаттаңыз.
Made on
Tilda