§ 44 Рефлекс доғасы

Рефлекс (лат. reflection жауап қайтару) бұл организмнің орталық жүйке жүйесінің бақылауымен іске асырылатын ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясы.

Рефлекс рефлекс доғасы арқылы іске асырылады. Ал рефлекс доғасы бұл жүйке импульстері өтетін жол.

Рефлекс доғасы рецепторлардан (лат. receptor қабылдаушы) импульсті орталық жүйке жүйесіне өткізетін сезімтал жүйке талшықтарынан тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштарынан түскен ақпарат талданатын орталық жүйке жүйесінің бөлігінен, синапс (нейронның бұлшықет талшықтарымен түйіскен жері) арқылы жұмыс мүшесіне (бұлшықетке) импульсті беретін қозғалтқыш жүйке талшықтарынан тұрады.
Ең қарапайым рефлекс тізе рефлексі. Рефлекс доғасының кұрылысы күрделі. Олар сезімтал, бір немесе бірнеше аралық және аткарушы нейрондар тізбегінен түзілген. Ыстық затқа жанасу ауыру сезімін туғызады да, адам қолын тез тартып алады. Бұл бүгу рефлексіне байланысты. Осы кезде ауыру сигналдары жұлынға жетіп, аралық нейрондарға беріледі. Олар қол бұлшықеттеріне нұсқау беретін атқарушы нейрондарды қоздырады. Бұлшықет жиырылады да, қол бүгіледі.
Мәтін:
"Рефлекс доғасы және оның жұмысы"
Адам ағзасы көптеген рефлекстерді орындайды. Рефлекс дегеніміз – сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде ағзада болатын автоматты реакция. Рефлекс доғасы – бұл рефлексті жүзеге асыратын жүйке жолы.
Рефлекс доғасы бірнеше бөліктен тұрады:
  1. Рецептор – тітіркендіргішті қабылдайтын жүйке ұшы (мысалы, теріде орналасқан).
  2. Сезгіш нейрон – рецептордан сигналды орталық жүйке жүйесіне жеткізеді.
  3. Орталық жүйке жүйесі – сигналды өңдейтін және жауап беретін орталық (мысалы, жұлын немесе ми).
  4. Қозғалтқыш нейрон – жауап сигналын жұмыс органына жеткізеді.
  5. Жұмыс мүшесі – жауап әрекетін орындайтын бұлшықет немесе без.
Мысалы, ыстық затқа қол тигенде, қолды бірден тарту – рефлекстің нәтижесі. Бұл әрекет сана арқылы емес, автоматты түрде жүзеге асады, себебі сигнал жұлын арқылы өтеді.
Тапсырмалар:1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
  1. Рефлекс дегеніміз не?
  2. Рефлекс доғасының негізгі бөліктерін атаңыз.
  3. "Қолды ыстық заттан тарту" рефлексінде жұмыс мүшесі қандай?
9-зертханалық жұмыс. Тізе рефлексін зерттеу және тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау

Мақсаты: тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау.
Құрал-жабдықтар: резеңке балға.

Жұмыс барысы. Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резенке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдынғы қабырғасының бұлшықетіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады. Рефлекс доғасының суретін салыңдар. Оның бөліктерін түрлі түсті бояумен көрсетіңдер. Бұл жұмысты түрлі түсті қағаздан аппликация (жапсырма) түрінде де жасауға болады.
Made on
Tilda