§47. Ұйқының организмнің тіршілік әрекетін қайта қалпына келтіруі және демалыс үшін маңызы

Ұйқының физиологиялық маңызы. Адам өз өмірінің 1/3-ін ұйқымен өткізеді. Адам мен жануарлар үшін ұйқыдан толықтай айырылу аштыққа қарағанда ауыр және тез арада өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ұйқы гигиенасы.

Ұйқының бұзылуының кең таралған түрлерінің бірі ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің шектен тыс шаршауынан, ұзак уақытқа созылған ақыл-ой еңбегінен, толқулардан, шулы ойындар мен ұйқы алдында кітап оқу салдарынан пайда болады. Спиртті ішімдіктерін ішу және шылым шегу ұйқының бұзылуын тудырады. Ұйықтататын дәрі ішу ұйқысыздықтан арылтады деген қате пікір.

Үлгіге қарап, терінің құрылысы бойынша ақыл картасын құрыңыз
1. Мәтінді оқыңыз:
Ұйқы – организмнің өмірлік маңызды қажеттіліктерінің бірі. Ұйқы кезінде ми белсенділігі бәсеңдемейді, керісінше, ақпарат өңдеу, жүйке жүйесінің қайта қалпына келуі, гормондардың бөлінуі сияқты маңызды процестер жүреді. Сонымен қатар, иммунитет күшейіп, дене демалады. Тұрақты ұйқысыздық адам денсаулығына теріс әсерін тигізіп, жүрек-қантамыр ауруларының, семіздіктің, күйзелістің және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.
Орта есеппен ересек адамға 7-8 сағат ұйқы жеткілікті болса, балалар мен жасөспірімдерге бұл уақыт 9-10 сағатқа дейін ұлғаяды. Ұйқының сапасын арттыру үшін тұрақты ұйқы режимін ұстану, кешке гаджеттерді қолдануды шектеу, бөлмені желдету сияқты шаралар қажет.
2. Тапсырмалар:
1. Түсіну:
Мәтіннен ұйқының биологиялық рөлі мен денсаулыққа әсерін сипаттайтын үш фактіні жазыңыз.
2. Қолдану:
Сіз күнделікті өміріңізде ұйқы режимін жақсарту үшін қандай шараларды қолданасыз немесе қолданар едіңіз? Өз жоспарыңызды құрыңыз.
3. Талдау:
Ұйқысыздықтың салдары туралы мәтіннен алынған ақпаратқа сүйене отырып, ұйқы сапасының төмендеуі неге қауіпті екенін түсіндіріңіз. Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
4. Жасау:
Креативті тапсырма:
Ұйқының денсаулыққа тигізетін пайдасын насихаттайтын постер немесе қысқа ұран жасаңыз. (Мысалы: "Дені сау ұйқы – денің сау болудың кепілі!")
Үйге тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Made on
Tilda