Шылым шегумен және спиртті сусындарды ішумен күресу. Шылым шегу организмге зор зиян келтіреді. Никотин қан- тамырларын күрт тарылтатын және қан қысымын арттыратын (гипертония) өте күшті . Ол жүрек-қантамыр аурулары, созылмалы бронхит, өкпе обырының дамуына әсер етеді, зат алмасу мен аскорытудың бұзылуына апарып соғады. Никотин миға зиянды әсер етеді, жад пен зейінді нашарлатады, жасына жетпей қартаюға себепші болады (196-сурет). Шылым шегу әсіресе жас кезде өте қауіпті.