«Нені шешу керек?», «Қандай сұрақ жауапсыз тұр?» дегенге жауап береді.
Зерттеу пәні – бұл зерттеу мәселелерін шешу үшін қажетті нақты ерекшелік, факті, құбылыс, мәселені қарап талқылау мен зерделеу.
«Мен неге зерттеу жүргізіп жатырмын?» деген сұраққа жауап береді.
Мәселе – бұл зерттеуші тәжірибе соңында жауабын табуы тиіс нақты міндет.
Зерттеу пәні – бұл зерт теу мәселелерін шешу үшін қажетті нақты ерекшелік, факті, құбылыс, мәселені қарап талқылау мен зерделеу.
Зерттеу нысаны – бұл зерттелетін нәрсе. Зерттеу нысандары адам, адамдар тобы, мекемелер, физикалық денелер, психикалық ерекшеліктер және т.б. болуы мүмкін.
Бұл кезеңнің негізгі мақсатын топ ішінде талқылап, анықта. Қойылған мәселе бойынша әдебиетті зерттей бастаған кезде, сен әдеби ұғымдарда белгісіздік пен қарама-қайшылықтарға тап болуың мүмкін. Сондықтан берілген мәселе бойынша әдебиетті жақсылап зерттеуің қажет. Егер бірегей түсінік анықтамасын таба алмасаң, өзің дұрыс деп тапқан көзқарастың біреуін қабылда. Оны өз жұмысыңда міндетті түрде атап өт.
Зерттеу мақсаты – бұл зерттеу мәселесін құрайтын сұрақтың зерттелуі мен шешімі.
Болжам – бұл зерттелетін пән туралы зерттеліп отырған құбылыс пен түрткіжайттың сипаты мен байланысы
жайлы жорамалдау. Болжам ізденістер мен зерттеудің негізгі бағытын анықтайды.
Төмендегі ұғымдарды дұрыс анықтамаларымен сәйкестендір
Ұғымдар | Анықтамалар |
1. Зерттеу нысаны | A) Зерттеуде шешілуі қажет нақты проблема |
2. Зерттеу пәні | B) Зерттеушінің назарындағы негізгі объект |
3. Зерттеу мақсаты | C) Шешімін табу үшін қойылған басты сұрақ |
4. Зерттеу мәселесі | D) Зерттеудің соңғы нәтижесі ретінде қол жеткізілетін бағыт |
+ батырмасын басу арқылы, сұрақтың жауабын өз жауабыңмен салыстыр