Бақылау жүргізу үшін ғалымдар, әдетте, арнайы аспаптар мен құралдарды пайдаланады. Оларды жабдықтар деп атайды. Жабдықтардың үш: өлшеуіш, ұлғайтқыш және зертханалық түрі болады.
Өлшеуіш жабдықтар
Ұлғайтқыш жабдықтар
Зертханалық жабдықтар
Томограф химиялық құбылыстардың барысын бақылауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен адамның денесін зерттеу арқылы ауруды алғашқы даму кезеңінде анықтауға болады.
Зерттеу әдістері зерттеу жүргізуге, зерттелетін құбылыстарды нақты белгілеуге, мақсатқа жету үшін жол ашуға жәрдемдеседі.
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС Біз барлық заттардың көлеңкесі болатынын білеміз. Оның ұзындығы неге байланысты екенін анықтайық
ТАПСЫРМА
+ батырмасын басу арқылы, сұрақтың жауабын өз жауабыңмен салыстыр
Мәселе: Көлеңкенің ұзындығы әр уақытта әртүрлі болады. Бұл неге байланысты?
Нысан: Заттардың көлеңкесі Пәні: Көлеңке ұзындығына әсер ететін факторлар (күннің биіктігі, жарық көзі бұрышы)
Физика және астрономия оқулығы Ғаламтор дереккөздері (Күннің қозғалысы туралы) Мұғалімнің түсіндірмесі Өз бақылау тәжірибелері
Тақырып:Көлеңке ұзындығына әсер ететін факторларды зерттеу
Болжам: Көлеңкенің ұзындығы жарық көзінің биіктігіне (күннің көкжиектегі орнына) байланысты өзгереді.
Мақсаты: Көлеңке ұзындығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.
Таңертең, түсте және кешке көлеңке ұзындығын өлшеу. Күннің орналасу бұрышын бақылау. Алынған мәліметтерді салыстыру және қорытынды жасау.
Өлшеу – әртүрлі уақыттағы көлеңке ұзындығын өлшеу Бақылау – күннің көкжиектегі орнын бақылау Тәжірибе – бір затты (таяқ, шам) пайдаланып тәжірибе жүргізу
Көлеңкенің ұзындығы күннің биіктігіне байланысты өзгереді:
Күн төмен болғанда (таңертең және кешке) – көлеңке ұзын.
Күн жоғары болғанда (түсте) – көлеңке қысқа.
Бір таяқты таңдап, таңертең, түсте және кешке оның көлеңкесін өлшедік