§33. Жер ғаламшарында неге тіршілік бар?

Ауа қатты және сұйық заттар сияқты жылынғанда, кеңейеді. Оның тығыздығы төмендейді де, ол жеңілдейді. Жеңіл жылы ауа жоғарыға көтеріледі, өрлеу қозғалыстары жүреді. Салқын ауа тығыз, ауырлау болғандықтан, ол төмен түседі.

Ауа массасы бұл температурасы, ылғалдылығы, қысымы, шаңдану сияқты ерекше қасиеттері бар ауаның үлкен көлемі. Ауа массасының ең негізгі қасиеті қозғалыста болуы.
Жел бұлтты алыс қашықтыққа айдап апарып, ол қайтадан жаңбырға айналып жерге түседі. Содан кейін ол жер қабатына өтіп, жыныстардың еңістеуі арқылы қайтадан мұхитқа оралады. Осылайша табиғатта су айналымы жүріп жатады. Табиғаттағы су айналымы Күн энергиясы мен ауырлық күшінің әсерінен атмосфера, гидросфера және литосферада судың үздіксіз айналым бойымен қозғалуы.

Сызбада «су айналымының» сатылары берілген. Жоғалған кезеңдерді толықтыр:

Булану → ? → Жауын-шашын → Жер бетіне түсу → ?

---
  • Жердегі зат айналымына өсімдіктер мен жануарлардың қосатын үлесі туралы өзара талқылап, 3 сөйлеммен жазыңдар.
  • Сен — бұлтсың. Сенің саяхатыңды әңгіме ретінде жаз. Су айналымының барлық кезеңін қамту керек.
  • Желдің пайда болуына не себеп болады?


    а) Жаңбырдың жаууы

    b) Ауа температурасының біркелкі болуы

    с) Ауа қысымының айырмашылығы

    d) Бұлттардың жиналуы

Made on
Tilda