§34 Жер шарының бейнесі қалай өзгереді?
Үгілудің түрлері
  • Органикалық

    Өсімдіктердің тамырлары, микроағзалар немесе жануарлар әрекеті арқылы жыныстар бұзылады.


    Мысалы, өсімдік тамыры тасты жарып өскен кезде тастың бөлшектенуі.

  • Физикалқы (механикалық)

    Температураның ауытқуынан, мұздың, судың немесе желдің әсерінен жыныстар жарылады, бөлшектенеді.


    Мысалы, күндіз ыстық, түнде суық болғанда тау жыныстар кеңейіп-жиырылып жарылады.

  • Химиялық

    Тау жыныстарының құрамындағы минералдар сумен, ауадағы оттек пен көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, жаңа заттарға айналады.


    Мысалы, әктас жаңбыр суымен әрекеттесіп, еріп кетеді.

Шарын шатқалы — Алматы облысындағы табиғи ескерткіш. Оның ұзындығы 154 км, тереңдігі 300 метрге дейін жетеді. Шамамен 12 млн жыл бұрын пайда болған.

Шатқалдағы жыныстардың ерекше пішіндері үгілу процесінің нәтижесінде пайда болған.
- Физикалық үгілу: температура ауытқуы, жауын-шашын мен желдің әсерінен жыныстар ұсақ бөлшектерге айналған.
- Химиялық үгілу: судың әсерінен кейбір жыныстар еріп, өзгерген.
- Органикалық үгілу: өсімдік тамырлары мен тірі ағзалар тау жынысын бұзған.

Шарын шатқалындағы әйгілі "Қамалдар аңғары" жел мен судың үгілуінің нәтижесінде пайда болған ерекше табиғи мүсіндерге толы. Бұл үгілу процестерінің миллиондаған жылдар бойы қандай ғажайып пішіндер жасай алатынының нақты дәлелі.

Made on
Tilda