§36 Тірі организмдердің тіршілік етуі қалай ұйымдастырылған?
Біздің ғаламшардағы барлық тіршілікті ғалымдар туыстық (ұқсас) белгілері бойынша топтарға бөлген. Жер бетіндегі ең үлкен тіршілік топтарын бір патшалыққа біріктірген. Табиғатта төрт жанды патшалық белгілі: бактериялар, саңырауқұлақтар, жануарлар, өсімдіктер.
Тірі ағза патшалықтары
  • БАКТЕРИЯЛАР

  • САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР

  • ӨСІМДІКТЕР

  • ЖАНУАРЛАР


Барлық тірі организм жасушалардан тұрады. Жасуша жеке организм де, көпжасушалы өсімдік немесе жануар организмі де бола алады. Жасуша тіршіліктің ең кіші бірлігі. Жасушалар тіршілік деп аталатын жағдайдың міндетін атқарады. Олар тыныс алады, қоректенеді, өседі және көбейеді. Көпжасушалы организм құрамына кіретін жасуша дербес бола алмайды. Ұлпадан мүшелер және мүше жүйесі құрылады. Түрлі ұлпалар бірігіп, біртұтас организмді құрайды.
Біржасушалы организмдер
  • АМЁБА

  • КІРПІКШЕЛІ КЕБІСШЕ

  • ӨСІМДІКТЕР

  • ЖАНУАРЛАР

Термин сөздер
Түр
Сыртқы түрі, тіршілік етуі, құрылымы ұқсас, бір-бірімен шағылысып, ұрпақ бере алатын тірі ағзалар тобы.
Мысалы: үй мысығы, қарағай, ақ қоян - бұлар әрқайсысы өз түріне жатады.
Ареал
Тірі ағзаның табиғатта таралған аумағы, яғни қай жерде өмір сүретінін көрсететін аймақ. Мысалы: ақ аюдың ареалы - Солтүстік мұзды мұхит маңайы.
Популяция
Бір түрге жататын, белгілі бір жерде тіршілік ететін және бір-бірімен еркін шағылыса алатын тірі ағзалар тобы. Мысалы: бір орманда өмір сүретін бұғы тобы — бір популяция.
Биоценоз
Биоценоз - бір ортада бірге өмір сүріп, бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен микроағзалар қауымы. Мысалы: ормандағы ағаштар, қоян, құстар, қоңыздар мен саңырауқұлақтар - бәрі бірге бір биоценоз құрайды.
Биосфера
Биосфера - жер бетіндегі барлық тірі ағзалар мекендейтін қабат. Ол ауа, су және топырақты қамтиды.
Биосфера - тіршіліктің алып үйі, яғни бүкіл Жер шарының тірі әлемі.
  • 1-сұрақ

    Организм деңгейінде тіршілікті ұйымдастырудың дұрыс тізбегін тап:


    а) жасуша - ұлпа мүшелер мүше жүйесі организм


    ә) жасуша организм мүшелер -


    б) жасуша - ұлпа мүшелер организм мүше жүйесі --

  • 2-сұрақ

    Дұрыс емес сөйлемді тап:


    а) Организм тіршіліктің ең кіші бірлігі.


    ә) Мүше - нақты атқаратын міндеті бар көпжасушалы организмнің бөлігі.


    б) Биосфера тірі организмдерден тұратын жер қабығы.

  • 3-сұрақ

    Әрбір организмнің биологиялық «тіршілік мағынасы» келесіден тұрады:


    а) қозғалу;

    ә) қоректену;

    б) көбею;

    в) өсу.

Made on
Tilda