§38 Зерттеуге уақытша микропрепараттарды қалай дайындау қажет?
Сарамандық жұмыс
Микроскоп арқылы ауа көпіршігін және жапырақ жасушасын қарау. Жұмыстың мақсаты: микропрепарат дайындауды үйрену және микроскоп арқылы жанды және жансыз табиғат денелерін ажырату.
1-микропрепарат дайындау
Төсеніш шыныны дәкемен сүрт.
Шыныға тамшуырмен 1-2 тамшы су тамыз
Суды екінші қақпақ шынымен жауып қой.
2-микропрепарат дайындау
Шыны және инемен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып, жапырақ жасушасының микропрепаратын дайында.
Жапырақты мұқият қара.
Көргеніңді дәптерге суретін салып, оған атау бер.
Микроскоптың ұлғаюын анықта.
Зерттеуіңнің нәтижесін суретпен салыстыр.
Алынған нәтижелерді салыстыр, қорытынды жаса. Оларды дәптерге жаз.