Фотосинтез (грекше: «фото» жарық, «синтез» пайда болу) өсімдік жапырағында күн жарықта жүретін үдеріс. Үдеріс кезінде көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар мен оттегі пайда болады.
Фотосинтез жыл бойы жарықта жүреді, Ол адамдарға тамақ пен оттегін береді. Фотосинтез – өте маңызды үдеріс, Онсыз Жер бетінде тіршілік болмас еді. Жеміс, көгөніс, нан, көмір, шөп, отын Фотосинтез бәріне қажет. Ауа тазарады, тыныс алуға жеңіл! Және озон қабаты бізді қорғайды.
(Н. Голушкова)
К.А.Тимирязев жасыл жапырақты «тіршіліктің ұлы фабрикасы» деп атаған. Оның шикізаты – көмірқышқыл газ бен су, ал қозғалтқышы – жарық.
Жасыл өсімдіктер үнемі оттегін шығару арқылы адамзатқа өмір береді. Сондықтан біз ауаны таза ұстау керектігін естен шығармағанымыз жөн.