§40. Түстердің ойыны немесе біздің өміріміздегі пигментер
Пигменттер – бұл өсімдіктердің жасушасы мен ұлпаларында болатын және оларды бояйтын органикалық қосындылар. Заттың түстері, оның ішінде пигмент күн сәулесін жұту қабілетіне байланысты болады. Егер затқа немесе өсімдіктің мүшесіне түскен күн сәулесі біркелкі шағылысса, олар ақ болып көрінеді. Егер барлық сәуле жұтылса, онда нысан қара болып шығады. Егер зат сәуленің көрінетін бөлігінің кейбір бөлігін жұтса, онда ол белгілі бір түске боялады.
Егер затқа немесе өсімдіктің мүшесіне түскен күн сәулесі біркелкі шағылысса, олар ақ болып көрінеді. Егер барлық сәуле жұтылса, онда нысан қара болып шығады. Егер зат сәуленің көрінетін бөлігінің кейбір бөлігін жұтса, онда ол белгілі бір түске боялады. Өсімдік жасушаларында жасыл пигмент хлорофилдер, сары, сарғыш каротиноидтер, қызыл және көк күлгін түсті антоциандар, сары флавон мен флавонолдар жиі кездеседі.
Пигменттер және олар кездесетін тағамдар

Пигмент атауы


Түсі


Қай тағамдарда көп кездеседі


Пайдалы әсері


Хлорофилл

Жасыл

Шпинат, қияр, аскөк, ақжелкен, жасыл бұрыш

Қан құрамын жақсартады, иммунитетті күшейтеді

Каротиноид

Сары, сарғыш

Сәбіз, асқабақ, жүгері, өрік, қауын

Көру қабілетін жақсартады, теріні қорғайды

Антоциан

Қызыл, күлгін

Шие, таңқурай, қарақат, жүзім, қызылша

Қан тамырларын нығайтады, жүрекке пайдалы

Флавон, флавонол

Сары, ашық сары

Лимон, апельсин, алма, банан

Дәрумендермен қамтамасыз етеді, зат алмасуды жақсартады

а) Неліктен күзде жапырақтар сарғаяды?
ә) Неліктен көлеңкеге төзімді өсімдік жапырақтарында хлорофилл көп болады?
б) Неліктен жемістер мен көкөністердің түсі ашық болса, олардың адам денсаулығына пайдасы мол болады?
«Түсті ас мәзірі» құрастыру


Бір күндік ас мәзірін құрастыр. Онда кемінде 5 түрлі түсті жеміс-жидек пен көкөніс болуы керек. Әр тағамның жанында пигментін жаз (мысалы: қызанақ – антоциан, сәбіз – каротиноид, шпинат – хлорофилл).
Made on
Tilda