Фотосинтез жүру үшін қажетті жағдай автоматты түрде әртүрлі табиғи үдерістер мен тірі организмдер арқасында жасалады. Себебі жарық энергиясы Жер бетіне Күннен келеді, өсімдіктер көмірқышқыл газын атмосферадан алады, ал суды топырақтан алады.
1.Дэвид Латимер бөтелкеге қандай өсімдікті отырғызды? A) Бегония B) Традесканция C) Қазоты D) Сансевьера
2.Фотосинтез үшін қажет жағдайлардың бірі: A) Тек қана су B) Су, жарық, көмірқышқыл газы C) Тек топырақ D) Тек оттегі
3.Жапырақтағы крахмалды анықтау үшін қандай зат қолданылады? A) Спирт B) Йод ерітіндісі C) Сірке қышқылы D) Қант ерітіндісі
4.Егер өсімдікке су берілмесе, фотосинтезге не болады? A) Жақсарады B) Өзгермейді C) Тоқтайды D) Жапырақтар қою жасыл болады
5.Фотосинтезге қажетті жағдайды сәйкес сөзбен сәйкестендір: 1.Жарық энергиясы → 2.Көмірқышқыл газы → 3.Су →
A) Күн C) Топырақ B) Атмосфера
6.Фотосинтездің нәтижесінде не түзіледі? A) Оттегі B) Крахмал C) Азот D) Қант
7.Тұжырымдардың дұрыс (Иә) не бұрыс (Жоқ) екенін белгіле:
Фотосинтез тек жасыл жапырақта жүреді.
Йод ерітіндісі көмірқышқыл газын анықтайды.
Фотосинтез үшін жарық қажет.
Латимердің традесканциясы бөтелкеде 40 жылдан астам уақыт өсті.