44-Тақырып: ТЕМПЕРАТУРА МЕН ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ НЕДЕ?
Температура – дененің жылу жағдайын сипаттайтын шама
1-тәжірибе. Саған қажет: мұз шақпағы, суы бар стақан.
1. Суы бар стақанды алып, термометрмен судың температурасын өлше. Судың көрсеткі шін жаз.
2. Мұз шақпағын суға сал. Мұз еріген соң, судың температурасын тағы өлше. Не байқадың? Неге солай болды? Қалай ойлайсың?
3. Қорытынды жаса.
ТЕРМОМЕТР ТҮРЛЕРІ
  • СЫНАПТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМОМЕТР

  • БИМЕТАЛ ТЕРМОМЕТР

  • ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕРМОМЕТР

  • СПИРТТІ ТЕРМОМЕТР

  • ТЕРМОЭЛЕКТРЛІ ТЕРМОМЕТР

  • ИНФРАҚЫЗЫЛ ТЕРМОМЕТР (ПИРОМЕТР)

2-тәжірибе:

1. Сыныптағы бірнеше затқа қолыңды тигіз (парта, оқулық, қалам және т.б.). Әр заттың температурасын нақты анықтай аласың ба? Жансыз нысандардың температурасы қоршаған ауаның температурасымен бірдей болады.
2. Ұсынылған нысандардың температурасын анықтау үшін саған не істеу қажет? Дененің температурасы термометрмен өлшенеді.

Жылу энергиясы – дененің ішіндегі бөлшектердің қозғалысынан болатын энергия.


Термометр – денемен жылулық байланыста болып, оның температурасын өлшейтін құрал.

Made on
Tilda