§45. ҚАНДАЙ ӘДІСПЕН АДАМ ӨЗІН СУЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ?

Жылуөткізгіш деген не?


Жылуөткізгіштік – жылудың ауысу түрі. Бұл жағдай да жылы молекулалардың жылжуына байланысты ауа жылы жерден аз жылынған жерге ауысады.
Электр шамына қолыңды жақындатсаң, жылы ауа ағысын сезесің. Шамның айналасындағы ауа жылынып, жоғарыға көтеріледі. Осы үдеріс конвекция деп аталады.
Конвекцияны тұрғын үйде бақылау
1. Жылытқыш қосылған бөлмеде бөлме термометрімен: еденнің қасында, жоғары жақ төбеде, жылытқыштың қасындағы қабырғаның және қарама-қарсы қабырғаның қасында ауаның температурасын өлше.
2. Бөлменің сызбасын сал, оған алынған сандарды жаз. Оларды талда.
3. Майшам отының өзгерісі бойынша жылытқыштың қасындағы еденнің және төбедегі (жоғарыда) ауаның бағытын анықта. Сызбада бағдаршамен бағытты көрсет.
4. Бөлменің есігін суық бөлмеге қарай аш, майшамды есіктің төменгі жағына, сосын жоғары жағына ұстап, ауаның бағытын анықта және оларды бағдармен суретте көрсет.
5. Алынған нәтижелер және өлшеулер бойынша қорытынды жаса.

1. Барлық терезелерде әйнек шытынамаған, бүтін бе?

2. Қысқа қарай терезелер қаптала ма?

3. Мектеп ғимараты қандай материалдан салынған?

4. Мектептің жылу беретін жүйесі қандай?

5. Кабинеттерде ауа температурасын реттейтін мүмкіндік бар ма?

6. Кабинеттердегі температура (+18, +20 ˚С) нормаға сәйкес келе ме?

7. Қосымша жылу беретін көздер қолданыла ма?

Made on
Tilda