§46. ҚАНДАЙ ӘДІСПЕН АДАМ ӨЗІН СУЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ?
(№6 САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС)

Ғимараттағы жылуды оқшаулау деген не?

Ғимараттағы жылуды оқшаулау – үйді жылы ұстаудың бір әдісі. Арнайы материалдар қабырға, төбе және еден арқылы жылудың сыртқа кетуіне жол бермейді. Осылайша қыста үй жылы, жазда салқын болып қалады. Жылуды дұрыс оқшаулау отын мен электр қуатын үнемдейді, отбасылық шығынды азайтады және табиғатты қорғауға көмектеседі.
1-тәжірибе

Қажетті заттар:


• тұрмыстық техниканың қорабы (қатпарлы қатыр ғықағаз болса тіпті жақсы);

• алюминий фольга;

• термометр;

• ПВА желімі;

• екіжақты жабысқақ лента (монтаждық/автокөліктік).

Қадамдар
  • 1. Жылытқыштан 15–20 см жердегі ауа температурасын өлше. Температура көрсеткішін кестеге жаз.

  • 2. Қораптан көлемі радиатордан 7–10 см үлкен тіктөртбұрыш кесіп ал.

  • 3. Бір жағына тесік қалмайтындай етіп фольганы жабыстыр. Бұл жылу шағылыстырушы экран болып шықты.
  • 4. 30 минуттан кейін жылытқыштан 15–20 см жердегі тем ператураны өлше. Нәтижесін кестеге жаз. Сен нені байқадың?
«Плюс-минус-қызық» рефлексиялық экран
Made on
Tilda