§47. НЕГЕ ЖЫЛУДЫҢ ҰЛҒАЮЫ ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ҚҰБЫЛЫС БОЛЫП САНАЛАДЫ?


Температураның өзгеруіне ұшырайтын ғимараттар салған кезде міндетті түрде жылудың ұлаюы ескерілуі тиіс.

Жылудың ұлғаюы – дене температурасының көтерілуіне байланысты тиісінше дене өлшемі мен көлемінің артуы. Дене ұлғайғанда оның көлемі артады, осыны дене көле мінің ұлғаюы дейді.
1-тәжірибе.

Керек заттар: шынжырға ілінген кішкене металл шар, металл сақина (ол арқылы кішкене шар суық күйінде жеңіл өтеді), жанарғы (горелка).

1. Сақинаны жоғарыға жылжыт. Нені байқадың?

2. Шарды сақинаның температурасынан жоғары болатындай қыздыр.

3. Шарды тағы сақинадан өткіз. Нені байқадың?

4. Қорытынды жаса. Адамдар заттың осы қасиетін қолдануына мысал келтір. Бірақ кейде ғалым мен конструкторларды тек бір ғана мөшердің өзгеруі, мысалы, теміржолдың немесе металл өзегінің ұзындығы қызықтырады. Бұл жағдайда сызықтық ұлғаю туралы айтылады. Автомобиль құрастырушыларды мәшине құрастыруда металл табағы бетінің ұлғаюы қызықтырады. Мұнда беттік ұлғаю туралы сөз болады.

2-тәжірибе.

1. Тоқыма бізді екі сәбізбен тепе-теңдікке келтір.

2. Шамды бір жағына жақ.

3. Металл қызды → ұзара бастады.

4. Ұзарған жақ ауырлап, төмен түсті.

5. Шамды ал → металл суып, бастапқы қалпына келді.

6. Тоқыма біз қайтадан тепе-теңдікті сақтады.


Қандай қорытынды жасауға болады?

Өткен тақырып бойынша 3 «жеңіл» және кемінде 2 «күрделі» сұрақтар құрап жаз. Оларды сыныптастарыңа қой.
Made on
Tilda