§48. ЭНЕРГИЯНЫҢ ӨЗАРА АЛМАСУЫ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?

Энергия – бір нәрсені қозғалтуға, қыздыруға немесе жарық шығаруға мүмкіндік беретін күш.

Мысалы: күннің жылуы – энергия, желдің күші – энергия, біз жейтін тамақ та – энергия береді. Энергия болмаса, ештеңе қозғалмайды және өзгермейді.
1.Энергия дегеніміз не?
a) Жарық шығаратын құрал
ә) Жұмыс істеуге және өзгерістер жасауға мүмкіндік беретін күш
б) Заттың түрі
в) Қозғалысты тоқтататын құбылыс

2.Энергия жоғала ма?
a) Иә, біржола жоғалады
ә) Жоқ, тек бір түрінен екінші түріне ауысады
б) Тек күн сәулесі жоғалады
в) Энергия тек артады

3.Неге мәңгілік қозғалтқыш жасау мүмкін емес?
a) Өйткені энергия таусылады
ә) Өйткені энергия ауысқанда бір бөлігі жылуға айналып тарайды
б) Өйткені Күн суиды
в) Өйткені адамдар оны жасай алмайды

4.Күн энергиясы жер үшін нені білдіреді?
a) Жарық қана береді
ә) Жерді жылытып, барлық тіршілікке энергия көзі болады
б) Тек өсімдіктерді ғана қоректендіреді
в) Су айналымын тоқтатады

5.Су айналымының жүруіне не әсер етеді?
a) Тек Күннің жылуы
ә) Тек желдің бағыты
б) Күн энергиясы және Жердің тартылыс күші
в) Тек бұлттардың қозғалысы

6.Қай жұмысшы көп энергия жұмсайды?
a) Оншақты кірпіш таситын жұмысшы
ә) Екі кірпіш таситын жұмысшы
б) Екеуі бірдей
в) Ешқайсысы

7.Жұмысшылар ұзақ жұмыс істеу үшін не істеу керек?
a) Кірпішті көптеу көтеру
ә) Демалып, энергияны тиімді пайдалану
б) Күн сәулесін көп қабылдау
в) Бір орнында отыру
Made on
Tilda