Жеңілдетілген диффузия - заттың концентрация градиенті бойынша жүзеге асады
Жеңілдетілген диффузияның қарапайым диффузиядан айырмашылығы - мембрана арқылы зат тасымалдау үдерісіне тасымалдаушы нәруыз - транслоказалар қатысады.
Унипорт (бір зат, бір бағыт)
Унипорт – бұл мембрана арқылы тек бір ғана затты бір бағытта тасымалдайтын өзек. Мысалы, глюкозаның жасушаға енуі унипорт арқылы жүреді.
Симпорт (екі зат, бір бағыт)
Симпорт – екі немесе одан да көп заттарды мембрана арқылы бір бағытта бірге тасымалдайтын механизм. Мысалы, ішекте натрий мен глюкоза симпорт арқылы бір уақытта жасушаға енеді.
Антипорт (екі зат, қарама-қарсы бағыт)
Антипорт – екі затты мембрана арқылы қарама-қарсы бағытта тасымалдайтын жүйе. Бір зат жасушаға кіргенде, екіншісі шығады. Мысалы, натрий-калий сорғысы: натрий иондары жасушадан шығарылып, калий иондары кері бағытта енгізіледі.
Үйге тапсырма: Жеңілдетілген диффузияның суретін салу