Тақырып: §46
Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тыныс алу процестерінің өзара байланысы
Митохондрия - АТФ синтезі жүзеге асатын маңызды мембраналық құрылымның бірі
Барлық митохондрия қозғалмалы бөлшек болып табылады. Бауыр жасушасында олар "жүзіп жүреді", ал бұлшықет жасушаларында АТФ-ті қажет ететін құрылымға жақын жерде орналасады.
Митохондрияда тыныс алу үш негізгі кезеңде жүзеге асады: гликолиз, Кребс циклы және электрон тасымалдау тізбегі. Бұл процестің әр қадамы жасушаға қуат беретін АТФ (аденозинтрифосфат) деп аталатын энергия молекуласын өндіруге бағытталған
Гликолиз
Бірінші кезеңде жасушаның цитоплазмасында (яғни митохондриядан тыс жерде) глюкоза молекуласы екі кіші молекулаға бөлінеді. Осы кезде аздап энергия (АТФ) және пируват молекуласы түзіледі. Пируват – келесі кезеңдерге қатысатын зат.
Пируваттың митохондрияға енуі және Кребс циклы
Пируват молекулалары митохондрияға енген соң, олар Кребс циклында (митохондрияның ішінде) толық ыдырайды. Бұл кезде:
  • Көмірқышқыл газы (CO₂) бөлінеді, ол жасушадан шығып кетеді.
  • Арнайы молекулалар (НАДН және ФАДН) түзіледі. Бұл молекулалар энергияны тасымалдаушы ретінде келесі кезеңге қажет.
Электрон тасымалдау тізбегі
Электрон тасымалдау тізбегі митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Мұнда НАДН және ФАДН өз энергиясын ішкі мембранада орналасқан арнайы ферменттерге береді. Бұл энергия АТФ деп аталатын молекулаларды көп мөлшерде өндіруге мүмкіндік береді. Соңында, осы кезеңде оттегі қолданылады және су (H₂O) түзіледі. Оттегі болмаса, бұл соңғы процесс жүрмейді, сондықтан митохондрия тыныс алу үшін әрқашан оттегіге мұқтаж.
Дәптермен жұмыс
Үйге тапсырма: "Митохондрия - жартылай автономды жүйе" тақырыбына 60-100 сөзден тұратын эссе жазу
Made on
Tilda