11-с. 25-тақырып
Өсіргіш заттар
Өсіргіш заттар деген не?
Өсіргіш заттар деп өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсер ететін органикалық қосылыстарды айтамыз. Олардың бір бөлігі фитогормондар болса, енді бір бөлігі табиғаты гормондық емес қосылыстар. Мысалы, В тобының витаминдері немесе фенолдар, несепнәрдің туындылары, және т.б.

Өсімдіктердің өсіп-өнуіне өсіргіш заттар қаже екені бұрыннан белгілі. Олардың рөлін 1880 жылы Н.И.Лунин сипаттап, олар құрылыс материалдары болмаса да, энергетикалық материалдар екенін және өсімдік организмі үшін қажет екенін атап өткен.

Жағдаяттық тапсырма: "Өсіргіш затты анықтау"


Айнұр мен Ермек биология пәнінен зерттеу жобасын жасау үшін бақшада қызанақ өсіруге шешім қабылдады. Олар өсімдіктің жылдам әрі тиімді өсуіне жағдай жасау үшін өсіргіш заттарды қолдануды жоспарлайды. Алайда, әрбір өсіргіш заттың ерекшеліктерін білмегендіктен, қайсысын қолданатынына сенімсіз.


Тапсырма:

Айнұр мен Ермекке көмектесіп, олардың зерттеу жобасына сәйкес қызанақтың өсуін арттыруға қажетті өсіргіш заттарды таңдап беріңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, әр фитогормонның функцияларын пайдаланыңыз:
Егер олар қызанақ көшеттерінің тамыры жақсы дамып, мықты болуын қаласа, қай өсіргіш затты қолдануы керек?
Сабақтарының биіктеп, ұзын әрі мықты болып өсуіне қай өсіргіш зат ықпал етеді?
Жемістердің тез пісуін қамтамасыз ету үшін қай өсіргіш затты пайдалану тиімді?
Өсімдіктерде қажетсіз бүршіктердің және жапырақтардың түсіп қалуын болдырмау үшін қандай фитогормон қолдануға болады?


Үйге тапсырма: Өсіргіш заттардың түрлерін, қызметін ажырату
Made on
Tilda