Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. ауксин мен гиббереллиннің әсері
Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі қандай?
Жануарлардың химиялық координациясы гормондардың, яғни бір жерде синтезделіп, тіпті аз мөлшерде болса да басқа бір жерге барып әсер ететін органикалық заттардың көмегімен жүзеге асырылады. Өсімдіктерде физиологиялық процестерді үйлестіретін заттардың синтезделген жерінен басқа жерге баруы тіпті де міндетті емес, сондықтан оларды гормондар деп атау барлық кезде мүмкін бола бермейді. Осы жағдайды ескере отырып, қандай да бір шамада өсуге әсер ететін болғандықтан, олар өсіргіш заттар деп аталады.
Өсу процессі үш кезеңнен тұрады
Жасушалардың бөлінуінен
Жасушалардың созылуынан
Жасушалардың арнайылануынан
Сәйкесін тап
Жауабы
1 – C, 2 – C, 3 – D, 4 – E, 5 – A
Мына жағдайларды оқып, қай өсіргіш зат қолданылатынын анықта
а) Ауыл шаруашылығында жемістерді пісіп-жетілуін тездету үшін қолданылатын зат. b) Құрғақшылық кезінде өсімдік жапырақтары ерте түсіп кетпеуі үшін қай затты азайту керек? c) Тұқымның тыныштық күйінен шығуы үшін қай фитогормон қажет? d) Микроклоналды көбейту кезінде каллусты (жасуша түйіндерін) өсіру үшін қай затты қолданады?
Жауабы
a – Этилен b – Абсциз қышқылы c – Гиббереллин d – Цитокинин