"бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық
Эмбрионалды бағаналы жасушалар – дамудың ерте кезеңінде эмбрионнан алынады және кез келген жасуша түріне айнала алады:
Тотипотентті жасушалар – барлық жасуша түрлеріне, соның ішінде толық ағзаға айнала алады (мысалы, зигота). Олардан толыққанды организм те, барлық ұлпалар мен мүшелер де, тіпті плацента сияқты қосалқы құрылымдар да түзіле алады.
Плюрипотентті жасушалар – кез келген жасуша түріне айнала алады, бірақ толық ағза жасай алмайды. бұл Ол ұрықтан тыс құрылымдарды (плацента, ұрық қабықтары) түзбейтін бағаналы жасушалар.
Соматикалық (ересек) бағаналы жасушалар – ағзада белгілі бір жасушаларды қалпына келтіру үшін болады:
Мультипотентті жасушалар – белгілі бір тіндердің жасушаларына айнала алады (мысалы, қан жасушалары). Оларға эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер жатады.
Унтипотентті жасушалар – тек бір ғана түрге айнала алады (мысалы, тері жасушалары).
Жасуша типтері бойынша қиял-ғажайып элементтері бар әңгіме құрастырыңыз
Тотипотентті жасушалар
Тірек сөздер: зигота, бластомер, барлық ұлпалар, толық организм, шексіз мүмкіндіктер, жаңа әлем, бастау нүктесі, сиқырлы код, тіршілік ұрығы
Плюрипотентті жасушалар
Тірек сөздер: үш ұрық жапырақшасы, эктодерма, мезодерма, энтодерма, ішкі жасуша массасы, таңдау жолы, сиқырлы үш таяқша, барлық дене ұлпалары, бірақ плацента емес
Мультипотентті жасушалар
Тірек сөздер: қан жасушалары, діңгек жасушалары, шектеулі бағыт, сүйек кемігі, сарбаз топтары, бірнеше ұлпа түрі, кіші патшалықтар, шектеулі сиқыр