Дебат
- 1-топ – бағаналы жасушаларды қолдануды қолдайтындар (ғылыми прогресске жету, ауруларды емдеу, адамның өмірін жақсарту жақтастары).
- 2-топ – бағаналы жасушаларды қолдануға қарсыластар (этикалық мәселелер, адам өміріне құрмет, табиғи өмірлік циклді бұзуға қарсы пікірлер).
Әр топқа тапсырма:
Әр топ өз ұстанымын дәлелдейтін кем дегенде 3-4 аргумент дайындасын. Оқушылар келесі аспектілерді қамти алады:
- Адамның өмірін ұзарту және өмір сапасын арттыру мүмкіндігі.
- Эмбриондардан жасушаларды алу этикасы.
- Жасушаларды алу әдістерінің дұрыстығы мен қауіпсіздігі.
- Қолдану нәтижесінде адам клондалуы мүмкіндігі.
Қосымша сұрақтар
- Адамзат игілігі үшін ғылымның дамуына шек қою керек пе?
- Этикалық принциптерді сақтау маңызды ма, әлде ғылыми зерттеулерге еркіндік берілуі керек пе?
- Болашақта бағаналы жасушалармен байланысты қандай мәселелер туындауы мүмкін?