§ 18 Нефронның құрылысы мен қызметі

Нефрон дегеніміз не?
Нефрон - адам және басқа омыртқалылардың құрылымдық әрі қызметтік бірлігі. Нефрон кеңейтілген бөлік - капсуладан (ол капиллярлар шумағын қамтитын сияқты) және ирек бүйрек өзекшесінен тұрады.
  • Адам бүйрегінде 1–1,5 миллионға жуық нефрон болады.
  • Оның негізгі қызметі: қанды сүзу, зәр түзу және артық заттарды ағзадан шығару.
Нефрон негізі екі бөліктен тұрады
  • Бүйрек денешігі (Мальпиги денешігі)


    Боумен капсуласы – екі қабатты қапшық.
    Шоғырланған капиллярлар торы – қанды сүзеді.

    Мұнда қандағы су мен ұсақ молекулалар капсулаға өтеді (біріншілік зәр түзіледі).
  • Нефрон түтікшелері
    Боумен капсуласынан шыққан зәр мына түтікшелерден өтеді:

    Иілген жақын түтікше (проксимальды). Қант, аминқышқылдары, су қайта сорылады.

    Генле ілмегі. Судың қайта сорылуы жалғасады.

    Иілген қашық түтікше. Минералды тұздар, су мөлшері реттеледі.

    Жинақтаушы түтікше. Соңғы зәр жинақталып, бүйректің астаушасына өтеді.

Абсорбция

Қандай да бір зат молекулаларының белгілі бір шекарада жинақталуы. Нефрон ішіндегі абсорбция - ирек өзекке түскен молекулалардың қанға бармай тұрып шоғырлануы.

Реабсорбция

Кері сіңіру үдерісі, яғни нефронға, қан ағымына түскен заттарды кері қайтару. Ең алдымен қанға су мен глюкоза қайтады.

Қызықты дерек
Нефрон күніне 150–180 литр біріншілік зәр түзеді, бірақ қайта сіңу нәтижесінде тек 1,5 литр шамасында соңғы зәр сыртқа шығарылады.



Бұл суретті ағзамыздың қай мүшесімен байланыстырасыз?

Бүйректің негізгі функционалды бірлігін атаңыз.

Бүйректің жіпшумақтары қалай орналасқан?

Дұрыс/Бұрыс

  1. Генле ілмегінде зәрдің көлемі көбейеді.
  2. Проксимальды түтікшеде барлық глюкоза қайта сорылады.
  3. Боумен капсуласы соңғы зәрді жинайды.
  4. Жинақтаушы түтікше соңғы зәрді астаушаға өткізеді.
Жауабы
1–❌, 2–✔️, 3–❌, 4–✔️
Жауабы
A–2, B–3, C–1, D–4, E–5
Made on
Tilda