§ 19. Бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар

Бүйрек қызметінің бұзылуына қандай факторлар әсер етеді?
Бүйректің қызметіне өмір сүру салты, айналадағы жағдай және қандай да бір тауруға бейім болудың тұқым қуалауы немесе керісінше күшті иммунитет әсер етеді.
Тұз құрамы
Қан плазмасындағы тұраұты тұз құрамы ағза тіршілігінің міндетті жағдайы болып табылады. Тұздың тұрақты құрамын сақтауды, бірінші кезекте, бүйректер жүзеге асырады.сондықтан дұрыс тамақтану рационын сақтау өте маңызды, яғни тәулігіне 15-25 грамдай (тұз дене жүктемесіне, ішкен сұйықтық мөлшеріне және қоршаған орта температурасына байланысты) пайлалану керек

Салқын тию
Бүйрек қызметіне ғана емес, барлық бөліп шығару жүйесін де жағымсыз әсер ететін тағы бір фактор. Табаннан сыз өту, бел және жамбас бөлігіне суық тигізу өте қауіпті. Қанайналым ерекшелігіне байланысты салқындатылған қан бүйрекке түсіп, түрлі аурулар туғызуы мүмкін.

1-тапсырма.
Бүйректе қан сүзіледі және зәр түзіледі. Яғни бүйректер ағзамыздың басты биологиялық сүзгісі болып табылады. Егер екі бүйрек те жұмыс істеуін тоқтатса, 30–40 минут ішінде ағзаның өздігінен улануы басталады. Міне, сондықтан ағзада бүйректердің рөлі маңызды болып табылады. Нефрон – бүйректің функциялық бірлігі. Нефрондар – микроскопиялық құрылымдар. Әрбір бүйректе 1 млн-нан артық нефрон болады. Нефрон бір қабатты эпителий жасушаларынан түзілген және екі бөліктен тұрады.

1. Қанның сұйық бөлігі плазманың капиляр шумағынан нефрон капсуласына түсуі
A. Ультрасүзілу B. Реабсорбция C. Фильтрацся
D. Гидролиз E. Диссоцация

2. Қан ағымына, яғни нефронға түскен заттарды кері қайтару
A. Ультрасүзілу
B. Реабсорбция
C. Фильтрацся
D. Гидролиз
E. Диссоцация

3. Нефрон капсуласында жүретін үдеріс
A. Репарация
B. Инверция
C. Реабсорбция
D. Абсорбция
E. Регенерация

4. Нефрон қабырғасы
A. Жүйке жасушаларынан тұрады
B. Эпителий жасушаларынан тұрады
C. Дәнекер жасушаларынан тұрады
D. Түзуші ұлпа жасушаларынан тұрады
E. Қан жасушаларынан тұрады


Топтық тапсырма
  • Денсаулық детективтері

    Сендер – Адал азамат бағдарламасының «Денсаулық сақшылары» бөлімінде жұмыс істейтін детективсіңдер. Алдарыңда бүйрек ауруына шалдыққан азаматтың «іс папкасы» бар:

    Науқас туралы мәлімет:
    • күні бойы газды сусын ішеді;
    • жазда су ішуді ұмытып кетеді;
    • тұзды тағамды жақсы көреді;
    • тіс жегісі бар, емдетпеген;
    • суық суда ұзақ шомылған.
    Детективтік тапсырмалар:
    1. Оның Адал азамат қағидаларын қай жерде бұзғанын анықтаңдар.
    2. Себеп–салдар тізбегін құрыңдар: «Әдеті → Бүйрекке әсері → Ағзаға салдары».
    3. Топ болып «Адал азамат ережесі бойынша дұрыс шешім» атты қорытынды кеңес дайындаңдар.
  • Денсаулық жарнамашылары

    Сендерге мектеп телеарнасы «Адал өмір» бағдарламасы үшін 30 секундтық көрініс дайындау тапсырылады. Тақырып:
    «Бүйрегіңді сақтау – азаматтық борышың!»
    Міндетті түрде болу керек:
    • бүйрекке пайдалы 2 іс-әрекет;
    • зиянды 1 іс-әрекет (және оны неге Адал азамат жасамауы керек екенін айту);

    • соңында ұран ойлап табыңдар (мысалы: «Суды дұрыс іш – өміріңді түзу кеш!»).

  • Денсаулық картасын жасаушылар

    Сендер – «Адал өмір орталығының» кеңесшілерісіңдер. Мектеп оқушыларына арналған «Бүйректі қорғайтын әдеттер» атты инфографикалық карта жасаңдар.
    Картада міндетті түрде болу керек:
    1. Жасыл аймақ: Адал азаматқа тән пайдалы әдеттер (таза су, мөлшерлі тамақ, дәріні дұрыс қолдану...).
    2. Қызыл аймақ: жауапсыз, зиянды әдеттер (шамадан тыс тұз, газды сусын, дәріні өз бетінше ішу...).
    3. Әр әдеттің жанына оның бүйрекке әсерін қысқаша жазыңдар.
    4. «Адал азаматтың денсаулық кодексі» атты 3–4 сөйлемдік соңғы қорытынды жасаңыздар.
Made on
Tilda