§20. Бөліп шығару жүйесінің гигенасы

Бүйрек және басқа зәр шығару мүшелерінің аурулары адам ағзасы үшін қауіпті. Зәр шығару мүшелеріндегі кең таралған аурулар пиелонефрит, цистит, бүйректің несепптас ауруы.

Пиелонефрит - бүйректің қабынуы. Пиелонефрит кезінде бүйрек ұлпаларына патогенді бактериялар енеді де, ол жерде көбейе бастайды. Сөйтіп, нефрон жасушаларын жояды және қабындырады.


Цистит - қуықтың жұқпалы қабынуы. Әдетте цистит екі себепке байланысты болады:
1)жалпы ағзаға немесе бөліп шығару мүшелеріне суық тию;
2) қуықтағы өрлеме жұқпа.



1.Бүйрек ауруларының қандай түрлерін білесіңдер
2.Адамда зәр шығару жүйесі неден тұрады?
3.Бүйрек тастары қалай пайда болады?
4.Бүйректің жұмысына әсер ететін факторлар?
5.Бүйректің құрылымдық бөліктері?
6.Нефрон дегеніміз не?
7.Жануарлар ағзасынан қандай заттар және қай мүшелер арқылы шығарылады?
8.Өрлеме жұқпа дегеніміз не?
9.Қалыпты қызмет атқаратын бүйректе өндірілетін екінші реттік зәрдің құрамы қандай болады?

Сәйкестендір
Жауабы
A–2, B–1, C–3, D–4
«Дұрыс па, бұрыс па?»

  1. Пиелонефрит тек зәр шығару жүйесінде кездеседі.
  2. Бүйрек жеткіліксіздігінде организмдегі уытты заттар сыртқа шығарылмайды.
  3. Бүйрек тастары тек судың көп мөлшерде ішілуінен пайда болады.
  4. Гломерулонефриттің негізгі белгісі — ісіну және қан қысымының жоғарылауы.
Жауабы
1–❌, 2–✅, 3–❌, 4–✅
Made on
Tilda