§22. Нейрондардың түрлері мен қызметі, синапс пен медиатор

Нейрондар дегеніміз не?
Нейрондар - жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Қосалқы жасушалары - нейроглия немесе глия. Олардың саны едәуір көп. Глия жасушалары нейрондарды қоршап, қоректік және қорғаныштық қызмет атқарады.
  • Нейрон синапсы

    neuron synapse
  • Миелин қабығы

    myelin sheath
  • Дендрит

    dendrite
  • Аксон

    axon
Нейрон – жүйке жүйесінің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Адам миында шамамен 86 миллиард нейрон бар.
Нейрондардың негізгі қызметі – жүйке импульстарын қабылдау, өткізу және беру.

Әрбір нейрон дене және өсінділерден тұрады. Қысқа тармақталған өсінділері - дендриттер. Олар біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін.
Ұзын өсінді - аксон. Аксонның едәуір бөлігі майтәрізді зат қабықшасында - миелинде болады.

Сәйкестендіріңіз
Жауабы
A–2, B–3, C–1, D–4
Нейронның жүйке импульсын өткізетін ұзын өсіндісі – ___________.
Ақпаратты қабылдайтын қысқа өсінділер – ___________.
Нейрондар арасындағы байланыс орны – ___________.
Аксонды қаптап тұратын майлы қабық – ___________.
Жауабы
аксон, дендриттер, синапс, миелин
Made on
Tilda