§23. Жүйке импульсінің пайда болуы және әртүрлі нейрон типтерінде оларды өткізу көрсеткіштері

МЕМБРАНАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ ДЕГЕН НЕ?
Мембрана потенциалы – бұл жасуша мембранасының ішкі және сыртқы беттері арасындағы электр зарядтарының айырмасы. Жасуша ішінде теріс, сыртында оң зарядтар көбірек. Бұл теңсіздік негізінен натрий-калий сорғысының (Na⁺/K⁺) жұмысына байланысты. Сорғы 3 Na⁺ ионын сыртқа шығарып, 2 K⁺ ионын ішке енгізеді. Нейрон тыныштық күйінде болғанда мембрана потенциалы шамамен -70 мВ болады. Бұл жүйке импульстарының таралуына негіз болады және тыныштық мембрана потенциалы деп аталады.
Жасуша мембранасының биоэлектрлік потенциалдары
  • Тыныштық потенциалы

    Тыныштық потенциалы немесе мембраналық потенциал, деп физиологиялық тыныштық жағдайында жасуша цитоплазмасы мен жасуша аралық сұйықтық арасында байқалатын биоэлектрлік потенциалдар айырмасын айтады. Тыныштық потенциалы жасуша мембранасының сырт (+) және іш жағында (-) калий, натрий жоне хлор иондары концентрациясының тең болмауының және мембрананың осы иондарды өткізу кабілетінің әртүрлі болуының салдарынан туындайды.

  • Әсер ету потенциалы

    Әлсіз тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болатын, бірақ әрекет потенциалына жетпейтін шағын өзгеріс.

  • Әрекет потенциалы

    Бұл нейрон немесе бұлшықет жасушасының қозуына байланысты мембрана потенциалының қысқа уақыт ішінде күрт өзгеруі.

    Ол бірнеше кезеңнен тұрады: Деполяризация – мембрананың ішкі жағы терістен оңға ауысады (Na⁺ иондары ішке енеді).

    Реполяризация – мембрананың бастапқы күйіне оралуы (K⁺ иондары сыртқа шығады).

    Гиперполяризация – мембрана потенциалы аздап төмендеп кетеді де, кейін тыныштық күйіне қайта келеді.

Жүйке импульсінің пайда болуы және таралуы
Миелинделген және миелинделмеген аксондардың өткізу жылдамдығы
Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз:

Керекті сөздер: 0,5-2, 120, Ранвье түйіні, сальтаторлық өткізгіштікке, энергия, сальтаторлық, үздіксіз, 50, склероз.


  1. Миелинделген аксонда жүйке импульсының таралу жылдамдығы шамамен _________ м/с
  2. Миелинделмеген аксонда импульс таралу жылдамдығы шамамен _________ м/с.
  3. Миелин қабығы ___________ жүйке импульсын тез таратуға көмектеседі.
  4. Миелин қабығының үзілген жері ___________ деп аталады.
  5. Миелинделген аксонда импульс таралу тәсілі ___________ деп аталады.
  6. Миелинделмеген аксонда импульс таралу тәсілі ___________.
  7. Миелин аксонды электрлік оқшаулау үшін қызмет етеді және ___________ шығынын азайтады.
  8. Миелиннің зақымдануы (демиелинизация) кезінде дамитын аурулардың бірі – ___________.
  9. Миелин қабығы болмаса, импульс өткізу жылдамдығы ______ есе баяулайды.
«Қатені тап»


  1. Миелинделмеген аксондарда жүйке импульсы секірмелі түрде таралады.
  2. Миелинделген аксон импульсты баяу өткізеді.
  3. Миелинделген аксонда Ранвье түйіндері болады.
  4. Миелин қабығы аксонды зақымданудан қорғайды.
Жауабы
Жауабы: 1–❌, 2–❌, 3–✅, 4–✅
Made on
Tilda