§ 26 Ми мен компьютер арасындағы ақпарат алмасу жүйесі

Нейрокомпьютерлік интерфейс деген не?
Нейрокомпьютерлік интерфейс - ми мен электрондық құрылғы арасындағы ақпарат алмасатын техникалық жүйе.
НЕЙРОКОМПЬЮТЕРЛІК ИНТЕРФЕЙС
МЫСАЛДАР
  • Neuralink
    Сипаттамасы: Иллон Маск негізін қалаған бұл жоба нейрондарға тікелей қосылатын құрылғыны зерттеп, әзірлейді. Neuralink мидың белсенділігін бақылап, оларды компьютерге команда ретінде жібереді.
    Қолданылуы: Қозғалыс қабілетінен айырылған адамдарға құрылғыларды ой арқылы басқаруға көмектеседі.
  • Emotiv Epoc+
    Сипаттамасы: Бұл құрылғы инвазивті емес әдіс бойынша жұмыс істейді және бас терісіне бекітіледі. Электрлік сигналдарды тіркеп, компьютерге жібереді.
    Қолданылуы: Нейромониторингте, ғылыми зерттеулерде, эмоцияны бақылау, ойындарды басқаруда және виртуалды шындық жүйелерінде пайдаланылады.
  • OpenBCI
    Сипаттамасы: Ашық бастапқы коды бар нейрокомпьютерлік интерфейс. Ол EEG (электроэнцефалография) деректерін жинап, сигналдарды өңдеуге арналған.
    Қолданылуы: Ғылыми зерттеулерде, психологиялық зерттеулерде, сондай-ақ хакерлік жобалар мен эксперименттерде кең қолданылады.
  • Muse Headband
    Сипаттамасы: Бұл бас белдігі EEG сигналдарын жинап, қолданушылардың ми белсенділігін бақылайды.
    Қолданылуы: Медитация мен стресс деңгейін бақылау үшін қолданылады, сондай-ақ ми белсенділігін арттыруға бағытталған жаттығуларды орындауға көмектеседі.
  • MindMaze
    • Сипаттамасы: Бұл құрылғы инвазивті емес әдіс бойынша жұмыс істейді және бас терісіне бекітіледі. Электрлік сигналдарды тіркеп, компьютерге жібереді.
    • Қолданылуы: Нейромониторингте, ғылыми зерттеулерде, эмоцияны бақылау, ойындарды басқаруда және виртуалды шындық жүйелерінде пайдаланылады.
  • BrainGate
    Сипаттамасы: Бұл нейрокомпьютерлік интерфейс медициналық мақсатта қолданылады. Ол нейрондардың электр сигналдарын түсіріп, компьютер арқылы қозғалысты басқарады.
    Қолданылуы: Қол-аяғы сал болып қалған адамдарға көмектеседі. Олардың компьютерге ой арқылы команда беруіне мүмкіндік жасайды.

Сторителлинг


Әр топ нейрокомпьютерлік интерфейсті қолдана отырып, фантастикалық оқиғаны ойлап табады. Оқиғалар болашақта немесе альтернативті әлемде болады. Олар адамның миы мен компьютердің тікелей байланысының мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен қауіптерін көрсетуі керек. Әр топ өз оқиғасын тірек сөздерге сүйеніп құрастырады.


Әр топ өз тарихында:

  • Нейрокомпьютерлік интерфейстің пайдасы мен қауіпін көрсетуі керек
  • Фантастикалық элементтерді қосуы тиіс (мысалы, мидың сандық көшірмесі, жасанды сана)
  • Соңында оқиғаға таңғаларлық финал ойлап табуы қажет
  • 1-топ
    Тірек сөздер: ғарыш кемесі, телепатия, миды басқару, деректерді жүктеу, киберқауіп, автономды жүйе, нейросканер, құтқару операциясы, сигнал кедергісі, жасанды сана
  • 2-топ
    Тірек сөздер: виртуалды шындық, сана көшіру, хакерлер, мәңгілік өмір, желілік интерфейс, нейростимулятор, уақыт порталы, кодталған хабарлама, эмоцияларды басқару, таңдаудың еркіндігі
  • 3-топ
    Тірек сөздер: ми сигналдары, имплант, жасанды интеллект, ауруды емдеу, сандық бейне, қауіпсіздік жүйесі, нейрочип, этика, виртуалды ота, адамгершілік
Made on
Tilda