§ 27. Гомеостазды сақтау механизмі

Гомеостаз деген не?
Гомеостаз - ағзаның қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Ағзаның ішкі ортасы тұрақсыз болса, ол тіршілік ете алмайды. Егер қан, лимфа, немесе ұлпа сұйықтығының құрамы елеулі өзгерсе, бұл міндетті түрде тіршілігін жоюға апарып соғады.
Адам ағзасында гомеостазды сақтау механизмі - нейрогуморальді
Жүйке жүйесінің қызметі
Гипофиз - жүйке ұштарына және гипоталамус нейрондарына - аралық ми бөліміне бағынады.
Эндокриндік жүйесінің қызметі
Ішкі секрецияның барлық безін (ұйқы безінен басқа) гипофиз гормоны басқарады
Қарапайым мысал:

Ауа райы ыстықта: Дене температурасы көтерілді → гипоталамус сигнал берді → тері бездері тер бөлді → дене салқындады → температура қалпына келді
Гомеостазды сақтау механизмдері
Нейрогуморальды реттелу
Нерв жүйесі (ми, жұлын, симпатикалық және парасимпатикалық жүйелер)

Гормондар (гипофиз, қалқанша без, бүйрекүсті бездері) арқылы сигнал береді.
Кері байланыс принципі (feedback):
Теріс кері байланыс – қалыптан ауытқуды түзетіп, параметрлерді қайта қалыпқа келтіреді.
Мысалы: дене қызуы көтерілсе, терлеу арқылы салқындату.
Оң кері байланыс – белгілі бір процесті күшейтеді.
Мысалы: босану кезінде жатыр жиырылуының күшеюі.
Физиологиялық процестер
Жүрек соғысы жиілігін өзгерту
Бүйректің су мен тұзды қайта сіңіруі
Терінің қан тамырларын кеңейту немесе тарылту
Әсел далада спортпен айналысып, ұзақ уақыт жүгірді. Жүгірген соң, оның дене қызуы көтеріліп, терлей бастады. Далада ауа температурасы жылы болғандықтан, ол суды көбірек ішкісі келді.

Сұрақтар:
  1. Әселдің дене қызуы не себепті көтерілді? Бұл жағдай организмдегі қандай гомеостаз процесіне байланысты?
  2. Неліктен терлеу процесі гомеостазды сақтауға көмектеседі? Бұл процестің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңіз.
  3. Егер Әселдің денесінде су жетіспеушілігі болса, гомеостаз механизмдері қалай жұмыс істей алады? Судың жетіспеушілігі организмдегі қандай басқа процестерге әсер етуі мүмкін?
  4. Әселге ұқсас жағдайда, су жетіспеушілігінің алдын алу үшін қандай іс-шаралар қолдану керек?
Үйге тапсырма: Терминдерге анықтама беру:
  1. Гомеостаз
  2. Нейрогуморальды реттелу
  3. Гипоталамус
  4. Гипофиз
Made on
Tilda