16-Тақырып. Ағзадағы заттардың тасымалдануы

Көпжасушалы ағзаларда әртүрлі жасушалар мен мүшелер бірге жұмыс істейді. Олардың дұрыс жұмыс істеуі үшін ағзада оттегі, қоректік заттар және басқа да заттар тасымалдануы керек. Бұл қызметті қан және қантамырлар жүйесі атқарады. Қан ағзаның барлық бөлігіне қажетті заттарды жеткізіп, зиянды заттарды шығарады. Қантамырлар қанды бүкіл денеге таратады.
Жануарлар ағзасындағы зат тасымалы
  • Зат тасымалының маңызы

    Жануарлар ағзасында оттегі мен қоректік заттар жасушаларға жеткізілуі керек. Сондай-ақ, зиянды қалдықтар ағзадан шығарылуы тиіс. Бұл қызметті қан атқарады.

  • Қан және қантамырлар жүйесі

    Қанайналым жүйесіне жүрек пен қантамырлар кіреді. Жүрек қанды қантамырлар арқылы бүкіл денеге таратады. Қан жасушаларға пайдалы заттар жеткізеді және қалдықтарды шығарады.

  • Тасымалдау ерекшелігі

    Кейбір жануарларда қан ашық айналады, ал кейбірінде қантамырлар ішінде жүреді. Сүтқоректілер мен құстарда зат тасымалы өте тиімді, өйткені олардың жүрегі төрт қуысты.
Өсімдік ағзасындағы зат тасымалы
  • Зат тасымалының маңызы

    Өсімдіктерде суды, минералды тұздарды және дайын органикалық заттарды әртүрлі мүшелерге жеткізу қажет. Бұл өсімдіктің өсуі мен тіршілігі үшін маңызды

  • Су және минералдың тасымалы

    Тамыр топырақтан су мен минералды тұздарды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапырақтарға жеткізеді. Бұл процесті ксилема ұлпасы атқарады

  • Органикалық заттардың тасымалы

    Жапырақта фотосинтез кезінде түзілген қанттар өсімдіктің барлық мүшелеріне тарайды. Бұл қызметті флоэма ұлпасы атқарады
Зат тасымалы және эволюциялық даму
Бастапқы кезең (теңізде)
Алғашқы организмдер теңізде өмір сүрді, заттар жасушаға тікелей диффузия арқылы өтті
Көпжасушалылардың пайда болуы
  • Денесі күрделенген организмдерде барлық жасушалар сыртқы ортамен байланыса алмады.
  • Организм ішіндегі сұйықтық “ішкі суқұбырға” айналды.
Қанайналым жүйесінің дамуы
Эволюция барысында ішкі сұйықтық қанға айналды.
Қан қоректік заттарды, газдарды тасымалдап, гомеостазды сақтайды
Өсімдіктердегі зат тасымалы
Арнайы өткізгіш ұлпалар (ксилема, флоэма) дамыды.
Су, минералдар және органикалық заттар бүкіл өсімдікке таралады
Made on
Tilda