Тамыр - топырақтан заттарды сіңіру мүшесі. Тамырдың құрылысы бұл үдеріске бейімделген. Тамырдың ішкі құрылысын көлденең және бойлық кесіндісінен қарастыруға болады. Олар орналасқан ұлпалар мен элементтері бойынша ерекшеленеді.
Тамыр бөлімдері
Өткізу аймағы
Сіңірілген су мен минералдар осы аймақ арқылы сабаққа өтеді. Ол тамырдың жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Сору аймағы
Бұл аймақта тамыр түктері пайда болады. Олар топырақтан су мен минералды тұздарды сіңіріп алады
Өсу аймағы
Бұл жерде жасушалар бөлінуді тоқтатып, ұзарып, тамырды ұзартуға көмектеседі. Тамыр осы аймақта топыраққа тереңдейді.
Бөліну аймағы
Бұл аймақ тамырдың ұшында орналасады. Мұнда жасушалар үздіксіз бөлінеді және тамырдың өсуін бастайды.