19-Тақырып. Тамырдың ішкі құрылысы

Тамырдың ішкі құрылысы - көлденең кесіндісі. Егер тамыр оймақшасының көлденең кесіндісін қарасақ, бірыңғай жасушаларды көруге болады. Егер көлденең қимасы бөліну аймағына өтсе, онда біркелкі ұсақ бөлініп жатқан жасушалар көрінеді.

Эпиблема - тамырдың бірінші реттік қабығы жасушаларының жоғары бір қабаты. Эпиблема жасушаларының қабырғасы өте жұқа, өйткені, өзінің жасуша қабырғаларында қатты заттарды жинап үлгермеген.
Эпиблема сору аймағында ғана болады. Себебі осы аймақта жоғары, сабаққа жақын жерде екінші реттік қабық түзіледі. Екінші реттік қабық жасушаларының қабырғасы қалың.
ТАМЫРДЫҢ ОРТАЛЫҚ ЦИЛИНДРІ
Тамырдың ішкі құрылысы
Тамыр сіңірген су мен минералдарды өткізу аймағына жеткізу үшін арнайы өткізгіш ұлпалар қолданылады. Бұл ұлпалар тамырдың ортасында орналасқан.
Орталық цилиндр
Тамырдың энтодерма қабатынан кейінгі бөлігі орталық цилиндр деп аталады. Оның ішінде екі өткізгіш ұлпа бар: ксилема мен флоэма.
Ксилема мен флоэма
Ксилема ортасында жұлдызша тәрізді пішін түзеді және су өткізеді. Флоэма ксилеманың сәулелері арасында орналасып, органикалық заттарды өткізеді.
Судың қозғалысы
Судың қозғалыс реті: топырақ → тамыр түктері → тамыр қабығы → орталық цилиндр → сабақ → жапырақтар → булану (транспирация).
Тамыр жолымен саяхат

Жауабы

1 → 3 → 5 → 2 → 4 → 6
Энтодерма қайда орналасқан?
Ксилема мен флоэма орталық цилиндрде қандай рөл атқарады?
Неліктен өткізгіш ұлпалар тамырдың ортасында орналасады?
Made on
Tilda