§22. Жапырақтың құрылысы мен қызметі
  • Жапырақ - өсімдіктің қоректенетін басты мүшесі.

  • Жапырақтар басты үш қызмет атқарады:

1.Фотосинтез;

2.Судың булануы;

3: Фотосинтезге де, тыныс алуға да қажет газ алмасу

Жапырақтың ішкі құрылысы
  • Жабын ұлпасы (эпидерма)

    Жапырақтың үстіңгі және астыңғы бетін жабады. Ол жапырақты құрғаудан, зақымданудан және зиянкестерден қорғайды. Эпидермада лептесік (устьица) бар, олар арқылы газ алмасу және су булануы (транспирация) жүреді.
  • Бағаналы

    паренхима

    Бұл қабат жапырақтың үстіңгі бетіне жақын орналасқан. Оның жасушалары тығыз орналасып, хлоропластқа бай болады. Мұнда фотосинтез қарқынды жүреді.
  • Борпылдақ паренхима

    Бұл қабат жапырақтың астыңғы жағында орналасады. Жасушалары арасында көп ауа қуыстары бар, ол газ алмасуға көмектеседі.
  • Өткізгіш шоқтар (жүйкелер)

    Жапыраққа су, минералдар және органикалық заттарды тасымалдайды. Жүйкелердің ішінде ксилема (су өткізеді) және флоэма (органикалық заттарды өткізеді) орналасқан.


Ақыл картасы құру
Шығармашылық тапсырма
Тапсырма: Қысқа әңгіме немесе өлең құрастырыңыз, онда жапырақ өз құрылысын және қызметін сипаттайды. Мысалы, жапырақ өзін "күн энергиясын жинайтын және ауаны тазартатын батырмын" деп сипаттаса болады.
Made on
Tilda