§25. Өсімдіктердегі тыныс алу
Өсімдіктер жануарлар сияқты оттексіз тіршілігін жояды. Бірақ олар жануарларға қарағанда оттексіз ұзағырақ тіршілік етуге қабілетті. Бұл өсімдік ағзасының аз энергия жұмсауына байланысты. Жануарларға тән ең көп энергия жұмсалатын үдерістер өсімдіктерде болмайды.
Өсімдіктердің тыныс алуы
  • Өсімдіктердің тыныс алуы


    Өсімдіктер оттегіні сіңіріп, глюкозаны ыдыратып, энергия (АТФ), су және көмірқышқыл газын бөледі. Бұл энергия өсімдік тіршілігі үшін қажет

  • Тыныс алу кезеңдері


    • Гликолиз – глюкозадан аз энергия түзіледі.
    • Аэробты тыныс алу – митохондрияда көп АТФ пайда болады.
    • Қалдық заттар – су және CO₂ бөлінеді
  • Ерекшелігі


    Тыныс алу күндіз-түн үздіксіз жүреді және жапырақ лептесігі арқылы газ алмасады


Ақыл картасы құру
Биологиялық диктант:
Керекті сөздер: көмірқышқыл, фотосинтез, тыныс, тұқым, атмосфералық, органикалық.

Өсімдік тыныс алғанда ....... оттекті сіңіріп, ........ газын бөліп шығарады, ал көмірқышқыл газын ....... процесінде пайдаланады.

...... алу энергиясы өсу құбылысымен тығыз байланысты.

Тұқымнан өнген жас өсімдіктерде ....... белсенді түрде жүреді және сонымен қатар біршама ..... заттар жұмсалады.

Өнген ....... тыныштық күйіндегіге қарағанда қарқынды ...... алады.
Made on
Tilda