27.Тақырып
Адамның тыныс алу мүшелері

Адамның тыныс алу жүйесінің орталақ мүшесіне өкпе жатады. Өкпеден басқа ауа өтетін жолдар қажет. Адамда ол мынадай бөлімдерден тұрады: мұрын қуысы, ауыз қуысы, мұрын-жұтқыншақ, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек пен бронхылар.

Мұрын қуысында қан капиллярлары көп, шырышты бездер төселген. Онда сезімтал жүйке жасушалары - иіс сезу рецепторлары орналасқан.
Ауыз қуысы - тыныс алу жүйесінің қосымша жолы.
Мұрын - жұтқыншақ ауыз және мұрын қуысы жалғасатын орын. Ол жұтқыншаққа өтеді - тыныс алу және асқорыту жүйелерінің жалпы бөлімі.
Көмей шеміршектен түзілген, ең ірісі - қалқанша без . Ол тамақты көмейге жеткізбейді.
Көмей кеңірдекке - шеміршекті жартылай сақиналардан тұратын түтікке өтеді.
Бронхылар шеміршекті сақиналардан тұрады. Олар өкпенің ішінде бронхы ағашын түзіп едәуір ұсақ бронхиолаларға тармақталады.
Өкпе - жұп мүше. Оң жақ өкпе үлкен, ол үш бөлікке бөлінеді.
Made on
Tilda