Диффузия - латын тілінде таралу, ыдырау, жайылу деген мағынаны білдіреді. Ол заттардың бей-берекет қозғалу үдерісі. Диффузия - молекулалардың өздігінен таралу процесі. Бұл құбылыс химия мен биологияда, тұрмыста және өндірісте жиі қолданылады. Мысалы, бөлмедегі ауада иістердің таралуы, шайдың немесе кофе дәмінің судың ішінде таралуы, тіпті жасушалардағы заттардың алмасуы диффузия арқылы жүзеге асады.