Бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз. Жасушалық цикл 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митозға бөлінеді.
Интерфаза - жаңа жасуша өсетін және келесі бөлінуге дайындалатын кезең. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық циклдің шамамен 80% - ын алады. Интерфазаның ең маңызды оқиғасы - бұл репликация ДНҚ молекуласының екі еселенуі.
Интерфазаның негізгі сипаттамасы
Жасуша көлемі ұлғаяды
Органоидтар саны артады
ДНҚ репликациясы жүреді (ДНҚ екі еселенеді)
РНҚ және нәруыздар синтезі күшейеді
Интерфазаны кітап жазу процесімен салыстыруға болады: