§33 Г. Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылығы

Генетика - белгілердің тұқым қуалау заңдылығын және өзгергіштігін зерттейтін ғылым. Ғылым ретінде генетиканың негізін чех жаратылыс зерттеушісі Грегор Мендель қалаған деп есептеледі.
1866 жылы жарияланған "Өсімдік будандарымен тәжірибелер" деген мақаласы генетиканың жеке ғылым ретінде негізі қалануына септігін тигізді.

Мендельдің бірінші заңы
Біркелкілік заңы (Мендельдің бірінші заңы) бойынша әртүрлі таза сұрыптарға жататын және бір-бірінен альтернативті жұп белгінің тек біреуінен ғана айырмашылығы бар екі гомозиготалы ағзаларды шағылыстыру кезінде бірінші ұрпақ фенотипі және генотипі бойынша бірдей болады және ата-аналарының тек біреуінің белгілеріне ғана ұқсайды.





Мендельдің екінші заңы
Екі түрлі гендердің аллельдері бір-біріне тәуелсіз түрде тұқым қуалайды. Сандық ара қатынасы фенотип бойынша 3:1, генотип бойынша 1:2:1.

  • 1-тапсырма

    Тәжірибе үлескісінде арпа өсімдігімен екі будандастыру жұмысы жүргізілген.
     1) масағы қылтанақсыз , дәні екі қатарлы, қара масақты арпа өсімдігін, қылтанақты, дәні төрт қатарлы, ақ масақты арпамен будандастырғанда F1 –де қылтанақты, дәні екі қатарлы, қара масақты өсімдік алынған. Егер    ААВbСс x      Aabbcc өсімдіктерін бір-бірімен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады?
  • 2-тапсырма

    Қызыл жемісті құлпынайды ақ жемісті құлпынаймен шағылыстырғанда алынған бірінші ұрпақтың қызғылт жемісті өсімдіктерін өзара шағылыстырса екінші ұрпақтың генотипі мен фенотипі қандай болады?
«Грегор Мендельге хат» ✉️
Г.Мендельдің орнында өзіңізді елестетіңіз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз:


Неліктен зерттеу үшін асбұршақ өсімдігі таңдалды?

Гибридологиялық әдіс қандай жаңалық әкелді?




Made on
Tilda