§ 35. Дигибридті будандастыру

Дигибридті будандастыру деген не?
Ата - ана формалары бір - бірінен екі жұп белгі бойынша айырмашылық жасайтын будандастыру типі дигибридті деп аталады. Дигибридті будандандастыру кезінде дараларда екі жұп аллельді гендер болады.
  • 1-тапсырма

    Фенотип 3:1 формуласы бойынша ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз:
    A) Аралық тұқым қуалайтын моногибридті будандастыру
    B) Талдаушы бәдандастыру
    C) Дигибридті будандастыру
    D) Моногибридті будандастыру кезіндегі толық доминанттылық
    E) Моногибридті будандастыру кезіндегі толымсыз доминанттылық

  • 2-тапсырма

    Адамда oңқайлық белгі сoлақайлықтан басым, шешесі сoлақай бoлған ер адам, oңақай әйелге үйленеді. Әйелдің үш інісі, бір сіңілісі бар, oлардың екеуі сoлақай бoлған. Бұл oтбасында сoлақай бала дүниеге келуі мүмкін бе?
  • 3-тапсырма

    Адамда алты саусақтың (полидактилия) болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты ер адам бессаусақты әйелге үйленді. Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлдарының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп бірнеше баласы болса, онда қанша баласы полидактилиямен ауырады?
Made on
Tilda