Адамда 4 қан тобы бар екені естеріңде болар. Қан тобы I адам - әмбебап донор, яғни өз қанын кез келген қан тобындағы адамға бере алады. Қан тобы IV адам - әмбебап реципиент, яғни кез келген қан тобын қабылдай алады. Қан тобы III және II топ адамдар өз тобы үшін донор бола алады (кей жағдайда IV топ үшін де).