Тақырып: §61
Митоз. жасушада митоздың әртүрлі кезеңдерінде жүретін процестер
МИТОЗ деген не?
Митоз - дене жасушаларының бөлінуі. Митоздық бөліну кезінде бір диплоидты жасушадан генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі.

Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі - интерфаза кезеңінде, сонымен қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды. Ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.
Интерфаза кезеңі
Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі
(G1 кезеңі)
РНҚ мен нәруыздар синтезі қарқынды жүреді.
ДНҚ синтезіне қатысатын ферменттердің белсенділігі жоғарылайды.
ДНҚ-ның синтезделу кезеңі (S кезеңі)
ДНҚ екі еселенеді.

ДНҚ синтезінің ұзақтығы әр ағзада әр түрлі
(бактерияларда бірнеше минут, сүтқоректілерде 6-12 сағат)
ДНҚ синтезінің аяқталу және митоздың басталу кезеңі (G2 кезеңі)
Жасушаның митозға дайындығы толық аяқталады
МИТОЗ КЕЗЕҢДЕРІ
ПРОФАЗА - ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатылады. Хромосома қысқарып, жуандайды. Ядрошық жойылады. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасында бөліну ұршығы түзіледі. Бұл кезде ядро қабығы бұзылады да, цитоплазма мен кариоплазманың сұйықтығы қосылады.
МЕТАФАЗА. Хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосома центромерлері бір жазықтыққа орналасады. Хромосоманың әрқайсысы ахроматин жіпшелеріне жабысады.
АНАФАЗА. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Пайда болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады.
ТЕЛОФАЗА. Ядрошық пайда болады. Ядрошық қабық пайда болады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпақ жасушаларына бөлінеді.
Митоз не үшін керек?
Митоз – жасушаның бөліну процесі болғандықтан, ол организмдердің өсуі, дамуы және зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіру үшін қажет. Бұл процесс арқылы генетикалық материал ұрпақ жасушаларға бірдей бөлінеді.
Хромосомалар саны туралы ақпарат
Хромосомалардың толық жиынтығы диплоидті деп аталады.
Оның жартысы гаплоидті жиынтық деп аталады.
Адамдар 46 хромосома бірігіп, 23 жұп түзеді. Оның 22 жұбы аутосомалық хромосомалар. Ал бір жұбы жыныс хромосомасы.

Миоз – жыныстық жасушалардың (гаметалардың) түзілу процесі, ол генетикалық материалды екі есе азайтады және генетикалық әртүрлілікті қамтамасыз етеді. Бұл процесс тіршілік эволюциясында маңызды рөл атқарады.


Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Миоз процесінде генетикалық әртүрлілік қалай пайда болады? (Кроссинговер, хромосомалардың тәуелсіз ажырауы).
  2. Миоз бен мейоздың айырмашылығы қандай?
Ойлау сұрағы:
  1. Егер митозда қате орын алса (мысалы, хромосомалардың дұрыс ажырамауы), бұл қандай ауруларға немесе жағдайларға әкелуі мүмкін?
  2. Генетикалық әртүрлілік тірі организмдердің табиғи сұрыпталуына қалай әсер етеді?
Үйге тапсырма: Кестені толтыру (7 бет)
Made on
Tilda