Тақырып: §62
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез
Гамета деген не?
Гамета - бұл жыныс жасушалары. Олар аталық жыныс жасушасы - сперматозоид және аналық жыныс жасушасы - овоцит (жұмыртқа жасуша).

Жыныс жасушалары - ұрықтану нәтижесінде жаңа даралардың пайда болуын және оларға ата-анасынан тұқымқуалаушылық қасиеттерінің берілуін қамтамасыз ететін жасушалар.
Жыныс жасушаларының бөліну кезеңдері
КӨБЕЮ КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңде жас жыныс жасушалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейеді. Сперматогонийлер (алғашқы аталық жасушалар) түзіледі.
ӨСУ КЕЗЕҢІ
Митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі. ДНҚ матрицалық жолмен екі еселенеді. Бұл кезеңде аталық сперматоциттердің көлемі шамамен төрт есеге ұлғаяды.
ПІСІП-ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢІ.
Мейоз үдерісі жүреді. Жыныс безінің диплоидті аталық жасушасынан төрт гаплоидті жыныс жасушасы қалыптасады.
ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ
Әрбір сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі. Сперматозоидтердің құйрығы қалыптасып, ядро жасушасының ұшына орнын ауыстырады. Жұмыртқа жасушасының қабығын еріту үшін ядроның алдына лизосомалар жинақталады. Құйрықтың негізіне митохондриялар жиналады, ал оның қозғалысын жеткілікті мөлшердегі АТФ қамтамасыз етеді.
Овогенез
КӨБЕЮ КЕЗЕҢІ
Өсу аймағында біріншілік овоциттер түзіледі.
ӨСУ КЕЗЕҢІ
РНҚ, рибосомалар, нәруыз қарқынды синтезделіп, жыныс жасушалары белгілі бір мөлшерге дейін өседі.
ПІСІП-ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢІ.
Мейоздық бірінші бөліну процессінде екіншілік овоциттер және пісіп-жетілген овоциттер дамиды.
ПАРТЕНОГЕНЕЗ ДЕГЕН НЕ?
ЖҰМЫРТҚА ЖАСУША СПЕРМАТОЗОИДТЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ӨЗДІГІНЕН БӨЛІНІП, ҰРЫҚҚА БАСТАМА БЕРЕДІ. ҰРЫҚТАНБАҒАН ЖҰМЫРТҚА ЖАСУШАДАН ЖАҢА АНАЛЫҚ ОРГАНИЗМ ДАМИДЫ. МЫСАЛЫ, БАҚБАҚ, ҚЫЗЫЛША, ТЕМЕКІНІҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ, БІТЕ, ДАФНИЯ.

Баларада партеногенез басқаша жүреді. Ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутеньдер), ал ұрықтанғаннан аналықтар мен жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды.


  1. Аналық ара
  2. Аталық ара
  3. Жұмысшы ара
Үйге тапсырма: 13 беттегі тест сұрақтарының жауабын табу
Made on
Tilda